+7 (707) 292 19 20

    Test de Connaissance du Français (TCF) француз тілін меңгеру деңгейін тексеретін француз тілін ресми түрде шет тілі ретінде мойындайтын DELF және DALF дипломдарын беретін Францияның Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік мекемесі France Education International (FEI) әзірлеген жалпы емтиханы,.

    Ол тестілеу кезінде француз тілін білу деңгейін анықтайды (егер француз тілі ана тілі болмаса). TCF сертификаты барлық елдерде бірдей танылады және екі жылға жарамды. TCF 30 күнің ішінде минималды аралықта шектеусіз рет қабылдануы мүмкін.

    TCF –ті кез келген тілдік деңгейі бар 16 жастан бастап әр адам тапсыра алады. «Шетел тілін меңгеру жалпы еуропалық анықтамасының» алты деңгейлі шкаласына сәйкес,  үміткерлер білім деңгейіне қарай бағаланады, (А1-ден С2-ге дейін).

    Францияда Licence деп аталатын бакалавриаттың бірінші курсына түсу үшін TCF TP (лексика-грамматикалық тест, мәтін жазу) емтиханы тапсырылады.

    Франция азаматтығын алу үшін  TCF Integration, Résidence et Nationalité емтиханын тапсыру керек.

    Канадаға көшіп келу үшін немесе азаматтығын алу үшін  француз тілін білу деңгейін растау керек және TCF Canada емтиханын тапсыру керек.

    Квебекте тұруға ықтиярхат алу үшін үміткер TCF Québec  емтиханын тапсырады.

    Француз Альянста TCF емтихандарының барлық түрлері (Canada, TP, Intégration, Résidence et Nationalité, Québec) ауызша бөлігі емтихан алушысымен жүргізіледі, ал жазбаша бөліктері компьютерде тапсырылады.

    Курстарға жазылыңыз:
    +7 (707) 292 19 20